Біз туралы » Страница 11 » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 11
“кәсіптік білім беру: “Табысқа жетудің жолы”  қалалық фестивалі аясында  футбол ойынынан 3 орын!
03
сәуір
2023
“кәсіптік білім беру: “Табысқа жетудің жолы” қалалық фестивалі
2023 жылдың 27.03-08.04 аралығында Алматы қаласының ТжКБ онкүндігі шеңберінде “кәсіптік білім беру: “Табысқа жетудің жолы”  қалалық фестивалі аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Омаров Е.К. жетекшілігімен футбол ойынына 9 сынып оқушылары командасымен қатысып, 3-орынды иеленді. Құттықтаймыз
“Кәсіптік білім: табысқа жету жолу” атты қалалық hackathon байқауынан 1-орын!
03
сәуір
2023
“Кәсіптік білім: табысқа жету жолу” атты қалалық hackathon байқауынан
Оқушыларымыз Казбекова Амина және Амангелді Әділжан сайт және мобильді қосымша жасау “Кәсіптік білім: табысқа жету жолу” атты қалалық hackathon байқауында 24 сағат ішінде Нархоз университетінің төңірігінде “Кез келген адам Қазақ бола алады” атты жобамен Қазақстан мәдениетін цифрландыру тақырыбында 1 орын иеленіп, Нархоз колледжіне грант ұтып алды. Құттықтаймыз👏🏻 Жетекшісі: Мустафин Сабыржан Булатұлы.
«Қызылшаның алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.
03
сәуір
2023
«Қызылшаның алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.
Тақырыбы: «Қызылшаның алдын алу» 🔹Дәріс оқыған инфекционист дәрігер Рамазанова Азиза Қанатқызы Алмалы ауданы МСАК орталығының ШЖҚ КМК
“Математикалық регата” республикалық олимпиадаcының жүлдегерлері
29
наурыз
2023
“Математикалық регата” республикалық олимпиадаcының жүлдегерлері
Математика мұғалімдері арасында өткізілген “Математикалық регата” республикалық олимпиададан Алматы қаласының командасы 1-орынды иеленді, 4 мұғалімнен құралған команданың 2 мұғалімі С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің мұғалімдері:Кабаев Мерей, Асқар Аманжол. 
С.А.Қожықовтың 100 жылдық мерейтойына орай гала концерт
27
наурыз
2023
С.А.Қожықовтың 100 жылдық мерейтойына орай гала концерт
Лицейімізге қазақтың алғаш режиссері С.А.Қожықовтың аты берілген. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Наурыздың 10-шы жұлдызында режиссердің 100 жылдық мерейтойының жабылу гала концерті лицейімізде өтілді🎉 Гала концертке арнайы қонақ ретінде “Қазақфильм”киностудиясының актёрлары, және де Алмалы ауданының 29 мектебінің директорлары шақыртылды. Қонақтар С.А.Қожықовтың балалық шағынан ересек шағына дейінгі көріністі тамашалап, көріністі өте жоғары деңгейде бағалады. Сондай-ақ көрініс жақын арада М.Әуезов
Лицейімізде наурыз мерекесінің аталып өтуі
27
наурыз
2023
Лицейімізде наурыз мерекесінің аталып өтуі
Ұлыстың ұлы күні, күн мен түн теңескен күн - Наурыз мерекесі лицейімізде де аталып өтілді. Наурыз - парсы тілінен аударғанда “жаңа күн” деген мағына білдіреді☀️. Жаңа жылымызды қарсы алудағы мереке 6 ”Б”, 9 ”Ә” және 10 “А” сыныптарының ұйымдастыруымен өткізілді. Мерекелік концерт ерекше форматта өтілгенін де атап өтуіміз керек: концерт қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында - көрісу, бастаңғы салттарын сахнада көрсетуімен ерекшеленді. Оқушылар өнері мен талантының арқасында
"QAZAQSHA COMICS" байқауының жеңімпаздары
27
наурыз
2023
"QAZAQSHA COMICS" байқауының жеңімпаздары
Наурыз айының 01-10 күндері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Дюсебаева Анар Ақанқызы мен Сейткулова Фариза Жаханқызының ұйымдастыруымен Сұлтан-Ахмет Қожықовтың 100 жылдық мерейтойына орай лицейіміздің 7-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған Қыз-Жібек кинофилімінің сюжетіне арналған "QAZAQSHA COMICS" байқауы өз мәресіне жетті! Байқау нәтижесі: 🏆Бас жүлде 7 "Ә" сынып оқушылары 🥇І орын 7 "Б" сынып оқушылары 🥈ІІ орын 7 "А" сынып оқушылары 🥉ІІІ орын 7 "В" сынып оқушылары Байқаудың
“Дарынды оқушыға - талантты ұстаз”, “Педагогикалық идеялар фестивалі” Республикалық байқауларының жеңімпаздары!
17
наурыз
2023
“Дарынды оқушыға - талантты ұстаз”, “Педагогикалық идеялар фестивалі”
Жас маман, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шоханова Тоғжан Асқарқызы “Дарынды оқушыға - талантты ұстаз” Республикалық байқауында 3-орынды иеленіп, “Дарын” Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, физика пәнінің мұғалімі Алиева Айгуль Айбековна “Педагогикалық идеялар фестивалі” республикалық байқауына қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісіп, “Дарын” РҒПО-ның грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз
"Алматы дарыны" гран-при жүлдесінің жеңімпазы!
17
наурыз
2023
"Алматы дарыны" гран-при жүлдесінің жеңімпазы!
"Алматы дарыны" дарынды және талантты балаларды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы мен Каспий қоғамдық университеті бірігіп қала бойынша 9-сынып оқушылары арасында өткен көптілді қалалық олимпиадада Гран-при жүлдесін лицейіміздің 9 “А” сынып оқушысы Кенесары Жанет иеленді. Жанетті және жетекшісі Гүлбақыт Сыдықовнаны құттықтаймыз
«Алтынның сынығы, асылдың тұяғы» атты Қожықовтар династиясы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
16
наурыз
2023
«Алтынның сынығы, асылдың тұяғы» атты Қожықовтар династиясы
14 наурыз күні, сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, кинорежиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың туғанына 100 жыл мерейтойына орай «Алтынның сынығы, асылдың тұяғы» атты Қожықовтар династиясы көрмесінің ашылу салтанаты өтті. КӨРМЕ сәуір айының 11-не дейін жалғасады. Көрмеге Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлының режиссерлік қызметі шығармашылығы мен өзінің