«Алтынның сынығы, асылдың тұяғы» атты Қожықовтар династиясы көрмесінің ашылу салтанаты өтті. » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алтынның сынығы, асылдың тұяғы» атты Қожықовтар династиясы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
16
наурыз
2023

«Алтынның сынығы, асылдың тұяғы» атты Қожықовтар династиясы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

14 наурыз күні, сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, кинорежиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың туғанына 100 жыл мерейтойына орай «Алтынның сынығы, асылдың тұяғы» атты Қожықовтар династиясы көрмесінің ашылу салтанаты өтті. КӨРМЕ сәуір айының 11-не дейін жалғасады.
Көрмеге Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлының режиссерлік қызметі шығармашылығы мен өзінің және ағайындылардың туындылары қойылған. Ең кереметі - бір отбасының 4 ағайынды (Қожахмет, Құлахмет, Нұрахмет, Сұлтан-Ахмет Қожықовтар) барлығының ерекше талантқа ие суретшілік өнердің майталмандары!
Осы көрмеде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің политология профессоры, тарих ғылымдарының докторы, 100-ден аса кітаптың авторы, білім беру ісінің құрметті қызметкері Ахметова Лайла Сейсембековна “Панфиловцы: наша гордость, наша слава” атты кітабының бірнешеуін лицейге және лицей музейіне сыйға тартты. Бұл кітапта С.А.Ходжиковтың Панфилов дивизиясында пулемет ротасын басқарып, соғыста болған жылдары туралы жазылған. Көрмеден ерекше әсер алып, көптеген мәліметтермен таныстық. Барлықтарыңызды көрмеге барып көруге, тамашалауға шақырамыз!!!