Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі"
19
қараша
2021

"Тіл мәртебесі - ел мәртебесі"

Қарашаның 15-інші жұлдызында "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" атты қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті!
16-сы күні оқушылар қызықты сөзжұмбақтар шешіп, берілген сұрақтарға жауап берді, мақалдарды тауып, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашты. 
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ ихалқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Құрметті білім алушылар, сіздер қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігіне белсенді қатысасыздар деп сенеміз! Баршаңызға сәттілік тілейміз!