20
қараша
2021
Дебат ойыны
"Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігінде дебат ойыны өткізілді. Ең алдымен дебаттың негізгі ережелерімен және өзіндік тәртібімен оқушылар таныстырылып өтті. "Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажет пе?" деген тақырыпта 10-сынып оқушылары жақтаушы және даттаушы топтар болып пікір таластырды.
Дебат 3 бөлімнен тұрды. 1) 2 палата өз позициясын ұстана отырып нақты фактілермен сөйледі. 2) Жақтаушы және даттаушы топтар өзара сұрақ алмасты. 3) Екі палатаның спикерлері өз позицияларына сай жоба жұмысын қорғады.
"Таяқтың екі ұшы бар" дегендей әлеуметтік желінің жақсы да, жаман да тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап, тура жолдан таймай өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпағымызды мәңгүрттік деген жазылмас ауруға ұшыратпайды деп ойлаймыз.
Дебат ойынын ұйымдастырушысы - ардақты ұстазымыз Сарымбетова Куляйхан Кайсаевнаға шексіз алғысымызды білдіреміз!