"Азаматтық - елдің мұраты, Аброй - ердің мұраты" атты кездесу кеші » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Азаматтық - елдің мұраты, Аброй - ердің мұраты" атты кездесу кеші
19
қараша
2021

"Азаматтық - елдің мұраты, Аброй - ердің мұраты" атты кездесу кеші

Қараша айының 15-ші жұлдызында №39 мамандандырылған лицейде  "Азаматтық - елдің мұраты, Аброй - ердің мұраты" атты кездесу кеші өтті. Кешке желтоқсан оқиғасының қатысушылары Аяжан Тынышбаевна, Фузия Миябековна, Нурзия Есімғалиқызы, Анар Сейтжаппарқызы, Гүлмира Сейпеновна қатысты.   Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арнап 1 минут үнсіздікпен басталған жиында, 5-сынып оқушылары өлең оқып,  күй тартты. 8 "Г" сыныбының "Тәуелсіздік таңы" алаңына гүл шоқтарын қойып, батырларға өлең жолдарын арнаған видеосы көрсетілді. Келген қонақтарға сұрақтар қойылып, бұрын соңды айтылмаған мәліметтер айтылды. Келген қонақтар оқушыларға ақ баталарын беріп, ақылдарын айтты. Осындай кездесулер баланың бойына елге деген сүйіспеншілік пен құрмет ұялатады. Осындай кешті ұйымдастырған Искакова Шынар Кенесбековнаға және Ахмедиева Айжан Мырзагалиевнаға алғысымызды білдіреміз!