Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өсетін елдің қарты - қазына"
01
қазан
2021

"Өсетін елдің қарты - қазына"

1-қазан қарттар күніне арнап 9 "А" сынып оқушылары "Өсетін елдің қарты - қазына" тақырыбында сынып сағатын өткізді✅. Жоғарғы сынып оқушылары 5-сыныптарға осы мерекенің тойлануы мен тарихын баяндады. Сабақ ортасында ата-әжелеріміз жайлы мақал-мәтелдер айтып жарысты🙋🏻‍♀️. Қарттарды құрметтеп, оларға әркез қол ұшын беріп, көмектесу жайлы сөз қозғады👨‍👨‍👧‍👧. Ата мен баланың арасындағы байланыс жайлы видео көрсетіліп, баланың әрекеті дұрыс емес екені талқыланды. Сабақ соңында 5-сынып оқушылары өздерінің ата-әжелеріне хат жазып📝, жақсы лебіздерін білдірді. Осындай рухани сабақты ұйымдастырған 9 "А" сынып жетекшісі Адырова Райгуль Абдиманаповнаға алғысызды білдіреміз!

ҚАРТТАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!