1 Қыркүйек - Білім күні! » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 Қыркүйек - Білім күні!
01
қыркүйек
2021

1 Қыркүйек - Білім күні!

        Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар!        Сіздерді 1 қыркүйек - білім күнімен және 2021-2022 оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Биылғы оқу жылы бәріміз үшін сәтті жыл болсын, мектебіміздің мәртебесі арта берсін! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толағай табыстар тілейміз. Оқушыларымыздың болашағы жарқын болып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, биіктерден көріне берсін!
    Мектеп деген білім күні, жыр күні
    Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
    Мектеп деген тәрбиеші адамға,
    Мектеп деген даналардың мекені,- демекші, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқу жылы "Жұлдыздар шеруінен" бастау алды. 2020-2021 оқу жылында халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларға 400-ден аса оқушы қатысып, 250-дей оқушы пәндер олимпиадаларының жеңімпаздары атанды.             Халықаралық, республикалық, қалалық   пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері 10 "А" сынып оқушысы Муханбеткалиев Дастан (информатика), 11 "А" сынып - Құрбанбай Қуаныш, 11 "Б" сынып - Укубасов Арнур, 11 "В" сынып - Бадигул Айторе (математика), 10 "В" сынып - Джанбабаев Алихан (физика), 10 "Ә" сынып - Серік Еңлік (қазақ тілі мен әдебиет), 10 "Ә" сынып - Зейнебек Қарлығаш (орыс тілі және әдебиет), 6 "Ә" сынып - Мұрат Арлан (жаратылыстану), қалалық ғылыми жоба байқауының жеңімпазы 10 "В" сынып - Тузелбаева Алуа, қалалық "Зерде" ғылыми жоба конкурсының жеңімпазы - 6 "А" сынып оқушысы Макашева Жания, сондай-ақ,  Жаналиева Меруерт (10 "Г"), Сүлеймен Ескендір (9 "ә"), Маркс Алихан (9 "А") - халықаралық, республикалық робототехника жарыстарының жеңімпаздарын  лицей директоры Н.Т. Маликова  "С.А. Ходжиков" атындағы арнайы төсбелгісімен, Алғыс хаттармен марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады. Басқа да олимпиадалар, жарыстар, байқаулардың қатысушылары осы шеруге қатысу мәртебесіне ие болып, жеңімпаздарға қолдау көрсетті. Мектебіміздің ардагер ұстазы Сарымбетова К.К. жүлдегерлерге ізгі ниетін білдіре құттықтап, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманов Н.Б. жалынды жастарды қанаттандырып, жеңіске деген құштарлықтарын оятуда жігерлі сөздерімен бағыт-бағдар  берді. class="fr-fic fr-dib" alt=""> class="fr-fic fr-dib" style="width:656px;" alt="">