Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Жұлдыз тағдырлы жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
29
қыркүйек
2022

Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Жұлдыз тағдырлы жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

🖋️Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Жұлдыз тағдырлы жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

📍Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ аулында дүниеге келген. 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. "Лениншіл жас"," Социалистік Қазақстан "газеттерінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963-1970 жылдары" Лениншіл жас" газетінің редакторы, "Жазушы" баспасының, "Жалын" альманахының, "Жұлдыз" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
Қазақ руханиятында ұлт қаламгерінің ұлы мектебін қалыптастырған, әдебиетіміздің алыбы, мемлекет және қоғам қайраткері-Шерхан Мұртазаға-90 жыл толып отыр, біздің кітапханада "Жұлдыз тағдырлы жазушы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесімен оқырмандар танысуда.
«Жұлдыз тағдырлы жазушы» атты кітап көрмесінде энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, көркем шығармалары мен ол туралы әдебиеттер ұсынылған.
Кітап көрмесінің мақсаты – Ш.Мұртазаның өмірі және шығармашылық қызметімен таныстыру, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлғаға оқырмандардың назарын аудару. 5-11 сынып оқушылары.