Біз туралы » Страница 31 » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 31
"Педагогикалық идеялар панорамасы" конкурсы
10
наурыз
2020
"Педагогикалық идеялар панорамасы" конкурсы
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Аманов Нұржігіт І орын иеленді! Құттықтаймыз!
"Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы"
26
ақпан
2020
"Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы"
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде үлкен іс - шара өтті. Іс-шараға Алмалы ауданының білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары, "ҚББЖТҒӘО" бөлімінің басшылары қонақ болып, мұғалімдер мен оқушылар ұйымдастырған концертті тамашалады. Абайдың қара сөздері оқылып, "Абайдың өмір жолына" көрініс қойылып, "Көзімінің қарасы" әні айтылды.
Футбол жарысынан І орын
21
ақпан
2020
Футбол жарысынан І орын
Лицей командасы футбол жарысынан І орын алып, кубок иеленді. Құттықтаймыз!!!
"Ғылыми-жаратылыстану пәндер" кафедрасы онкүндігінің ашылуы
17
ақпан
2020
"Ғылыми-жаратылыстану пәндер" кафедрасы онкүндігінің ашылуы
"Ғылыми-жаратылыстану пәндер" кафедрасы онкүндігінің ашылуы жоғары деңгейде өтті. Онкүндік аясында "Витаминге бай тағамдар" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
Республикалық "Қамқорлық" акциясы
15
ақпан
2020
Республикалық "Қамқорлық" акциясы
15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында лицейде республикалық «Қамқорлық» акциясы өтті. Акцияның мақсаты: әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау. Балаларды жаппай оқумен қамту жұмыстарын ұйымдастыру. Бұл шараға барлық сыныптар өз үлесін қосып, белсене қатысты. Сынып сағаттарында «Қайырымдылық», «Жақсыдан шарапат», «Мейірімділік» тақырыптарына арналған әңгімелер өткізілді.
Республикалық ғылыми жобаның жүлдегерлері
14
ақпан
2020
Республикалық ғылыми жобаның жүлдегерлері
Лицей оқушылары физика, информатика, қазақ әдебиеті, биология пәндері бойынша Республикалық ғылыми жобаның жүлдегері атанды. Құттықтаймыз!
"Ауғанның отты жалыны" атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші
14
ақпан
2020
"Ауғанның отты жалыны" атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
Лицейде 7 "Ә" сыныбының ұйымдастыруымен, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай, "Ауғанның отты жалыны" атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кездесуге АН-26, АН-12 ұшағының командирі, "Авиация" подполковнигі - Кушербаев Серик Аубакирович, Р-142 байланыс Радиостанциясының лейтенанты - Жақсыбаев Аргинбек Есемханұлы қатысты.
"Жылдың жүз үздік директор орынбасары"
12
желтоқсан
2019
"Жылдың жүз үздік директор орынбасары"
"Жылдың жүз үздік директор орынбасары" атты республикалық байқауының жеңімпаздары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Көкебаева Айгул Какеновна және Досымбекова Меруерт Қазақбаевна марапатталды. Құттықтаймыз!
" Біздің азаматтық ұстаным" атты қалалық слет-конкурсы
11
желтоқсан
2019
" Біздің азаматтық ұстаным" атты қалалық слет-конкурсы
Алматы қаласы Оқушылар сарайында өткен балалар мен жасөспірімдер бірлестіктері арасындағы " Біздің азаматтық ұстаным" атты қалалық слет-конкурсында " Алдаспан" театры " Әлеуметтік желінің әлегі" атты сахналық қойылым қойып лицейіміз 1 орын иеленді. Сценарий авторы: Аманов Нұржігіт Бердибекович . Әннің сөзін жазған: Ылясов Ербол Усенович
Республикалық эссе байқауы
29
қараша
2019
Республикалық эссе байқауы
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердибекович өзі эссе байқауына қатысып, министрдің марапаттауына ие болды!!! Құттықтаймыз!