Біз туралы » Страница 25 » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 25
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл
25
қазан
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл
Лицейіміздің өзін-өзі басқару ұйымының, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтауы!  https://www.instagram.com/tv/CVMsUnPgaaj/?utm_=copy_link 
"Алматы жыл мұғалімі - 2021"
14
қазан
2021
"Алматы жыл мұғалімі - 2021"
Лицейдің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы педагогикалық шеберлігін ұштап, кәсіби шығармашылығымен танылып, "Алматының жыл мұғалімі"  байқауының "Бас жүлде" иегері атанды. Нұржігіт Бердібекұлына  Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев  өз қолымен 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстап,  Диплом және төсбелгімен марапаттады. Педагогикалық ұстанымың жоғары болып, жеңістер  еселене берсін дегіміз келеді. Құттықтаймыз! 👏👏👏
Жас мамандармен жұмыс
13
қыркүйек
2021
Жас мамандармен жұмыс
      2021 жылдың 9 қыркүйегінде ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес бастапқы жұмыста тізімдері нақтыланып, жоспарлары бекітіліп, ағымдағы оқу жылында "Жастар" жас мамандар клубының семинары ДҒӘІЖ  орынбасары Г.Б.Сартбаева тарапынан ұйымдастырылып өткізілді.  Тақырыбы: "Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру - заман талабы". Семинарда тақырыпқа сәйкес теориялық түсініктер беріліп, семинардың 2-бөлімінде Лицейдің педагог-психологтері Магзумова Н.К., Мусабаева  А.А. "Ерекше
Лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмысының 3 жылғы қорытынды сараптамасы және 5 жылға арналған даму жоспары туралы
11
қыркүйек
2021
Лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмысының 3 жылғы қорытынды сараптамасы
             Лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмысы ұстаздардың сапалы білім беру жағдайын жақсартуда соңғы 5 жылда «Мектептің инновациялық ортасын дамытуда оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына сай шығармашылық ортаны қалыптастыру, сапалы білім беруді жүзеге асыру» әдістемелік тақырыбымен жұмыс істеп, 2021 жылдың 31 тамызында педагогикалық кеңесте 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдары бойынша мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша ДҒӘІЖ
Біздің оқушылар - "Qazaqstan" арнасында
11
қыркүйек
2021
Біздің оқушылар - "Qazaqstan" арнасында
"QAZAQSTAN"  ұлттық арнасында "DARYN"  орталығының ұйымдастырылуымен  өткен "DARYN" телеолимпиадасына лицейіміздің оқушылары Арғынбаева Айдана мен Шәкірт Ақзере қатысты. Республикамыздың әр өңірінен жиналған білімді оқушылардың арасынан  Арғынбаева Айдана апталық ойынның жеңімпазы болса, Шәкірт Ақзере маусымдық ойынның үздігі атанды. Оқушыларымыз арнайы алғыс хаттармен және  сертификаттармен марапатталынды. Оқушыларға жетекшілік еткен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рита Бекетовнаға
Марапат: Латыпов Құдайберген
02
қыркүйек
2021
Марапат: Латыпов Құдайберген
    Лицейдің білімді де, білікті ұстазы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Латыпов Құдайберген білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі  елеулі еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миинистрлігінің "Алғыс хатымен" марапатталды. Құттықтаймыз!
Марапат: Муханбеталиева Нурзия Есимгалиевна
02
қыркүйек
2021
Марапат: Муханбеталиева Нурзия Есимгалиевна
         Музыка және  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Муханбеталиева Нурзия Есимгалиевна "Өзін-өзі тану" пәні бойынша өткен оқу жылында бейнесабақтардың мазмұнын әзірлеуге және түсіріліміне қатысқаны үшін "Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының" Алғыс хатымен марапатталды. Ұстаз еңбегі әркезде де бағалы, жоғары бағаланып келеді. Мәртебелі ұстазымыз Нурзия Есимгалиевнаға еңбегіңіз жемісті, толағай табысты бола берсін демекпіз!
Республикалық  ЖББ пәндер олимпиадасы
19
мамыр
2021
Республикалық ЖББ пәндер олимпиадасы
9 "А"сынып оқушысы Республикалық ЖББ пәндер олимпиадасында информатика пәнінен 3-орынды иеленіп, қола медаль иегері атанды. Ата-анасына алғыс білдіре отырып, лицей абыройын көтерген Дастанға зор табыс тілеп, үлкен белестерді бағындыруға тілектеспіз!!!
Қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары
19
мамыр
2021
Қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары
Сәуір айында өткен қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары информатикадан 8 сынып оқушысы Жексенов Арманжан, 2-орын, жетекшісі Бекбергенова Б.С., 7 сынып оқушысы Қозыбек Аружан 3-орын, жетекшісі Малыбаева Г.А., сондай-ақ, биология пәнінен 7 сынып оқушысы Рахманәлі Аружан "Құрмет грамотасымен" марапатталды, жетекшісі Мақсот А.Б. Құттықтаймыз!!!
Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасы
11
мамыр
2021
Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасы
Лицейдің 10 сынып оқушысы Арғынбаева Бибінұр Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасына қатысып, 3-орынды иеленді. Жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі К.А.Сеитова. Құттықтаймыз!