Лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмысының 3 жылғы қорытынды сараптамасы және 5 жылға арналған даму жоспары туралы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмысының 3 жылғы қорытынды сараптамасы және 5 жылға арналған даму жоспары туралы
11
қыркүйек
2021

Лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмысының 3 жылғы қорытынды сараптамасы және 5 жылға арналған даму жоспары туралы

     

       Лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмысы ұстаздардың сапалы білім беру жағдайын жақсартуда соңғы 5 жылда «Мектептің инновациялық ортасын дамытуда оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына сай шығармашылық ортаны қалыптастыру, сапалы білім беруді жүзеге асыру» әдістемелік тақырыбымен жұмыс істеп, 2021 жылдың 31 тамызында педагогикалық кеңесте 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдары бойынша мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша ДҒӘІЖ орынбасары Г:Б. Сартбаеваның сараптамасы тыңдалып, талқыланды. Онда ғылыми-әдістемелік жұмыстың негізгі 9 бағыттың әр бағыты бойынша салыстырмалы көрсеткіштері анықталып, рейтинг жасалып, мониторингі көрсетіліп, әр жұмыс бағыты бойынша бірден жаңа мақсаттар мен міндеттері және  күтілетін нәтижелерімен таныстырылды. Педагогикалық кеңес жұмысында үнемі өзекті мәселелер қаралып, ұстаздар мен әкімшілік тарапынан баяндамалар оқылып, тақырыптық негізде жүйелі жұмыс нәтижесі жүргізілгені анықталды. Осы педагогикалық кеңес бойынша цифрлық Қазақстан жобасы мен дарынды оқушымен жұмыстың бағыты олимпиадалық резерв мектебінің жұмысына ерекше күш салу керектігі анықталды. 

         Педагог мамандарды аттестациядан өткізу жұмыстары барысында үш жылғы санат бойынша сапалық құрам пайызы шығарылып, соның ішінде 3 жылда 42 ұстаз кезектен тыс аттестациядан өтіп, біліктіліктерін көтерген. Яғни, осы көрсеткіш  ғылыми-жаратылыстану бағытындағы мамандандырылған лицей болғандықтан соңғы жылдағы олимпиада көрсеткішімен сәйкес болу жағдайында айырмашылықтар бар екендігі анықталып, алдағы уақытта «Дарын» орталығы тарапынан аса маңызды рөл атқаратын жалпы білім беретін пәндер олимпиадаларына халықаралық, республикалық деңгейде оқушыларын даярлау жұмысын жандандыруды қажет ететіндігі баса айтылды және лицей әкімшілігі бақылауы, жұмысты ұтымды ұйымдастыруында, «Серпін» қоғамдастық топ жұмысында осы мәселелерді басшылыққа алу тапсырылды. 

         Жас мамандармен жұмыс бойынша өз кезегінде үш жылдың толық сараптамасы беріліп, кең көлемде атқарылған жұмыс есебі тыңдалды. 2021-2022 оқу жылынан бастап жас ұстаздардың сабақ беру әдістемесіне аса көңіл бөлу, ерекше әдістемелік қолдаулар көрсету және кәсіби тұрғыда даму сатысында медиаблімге, SМART мақсаттарды қоя білу дағдыларын жетілдіруде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын жетілдіру барысын бақылау, бағыт-бағдар беру жұмысы жоспарлануда. 

      

       «Серпін» қоғамдастық топтары да талапқа сай ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсету бағытында нәтижелі жұмыстар сараптамасы көрсетілді. Атап айтсақ, соңғы үш жылда мектепішілік   әдістемелік күндер ұйымдастырылып, тренинг, коучинг, шебер-сыныптар, ашық сабақтар арқылы тәжірибе алмасу бағыттарында 10 әдістемелік семинарларлар өткізілген, 3 аудандық, 1 республикалық деңгейде ғылыми-әдістемелік семинарлардың өткізілу деңгейі туралы  толық ақпараттар беріліп, даму жоспарында белгіленген күтілетін нәтиже мектепте  сапалы білімді қалыптастыруда, ұстаздардың цифрлық сауаттылықтарын жетілдіруде  мектепішілік конференциялар ұйымдастырып, республика, халықаралық деңгейде ұстаздардың біліктіліктерін таныту болмақ. 

        Педагог амамндармен жұмыс бағытында, соның ішінде онкүндіктерге тоқалсақ, үш жыл бойынша көрсеткіштер мен күтілетін нәтижелер төмендегідей:




        Лицей ұстаздарынан жыл соңында алынған әр мұғалімнің рейтинг парақтарының сараптамалары жасалып, әр жұмыс бағыты бойынша пайыздық көрсетктері анықталды. Нәтижесінде лицейдің ҚР-ның 2020-2025 жылдарға арналған дамыту жоспарының негізінде мектептің жалпы қорытындысы шығарылып,  даму жоспары жасалып, 5 жылға арналған жаңа әдістемелік тақырып құрылып, төмендегідей жұмыс бағыттары нақтыланды: