«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы іс-шара » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы іс-шара
03
мамыр
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы іс-шара

https://www.instagram.com/p/C6VSURkoRQK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру, жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Айгүл Кемелбаеваның “Шашты” әңгімесіне оқырмандармен бірге психологиялық талдау жасады. Талдауға психолог Назым Қуандыққызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алина Айбекқызы, 10-сынып оқушылары және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері қатысты.
Оқырмандар талдау барысында кейіпкерлердің тағдыры мен іс-әрекеттерін қазіргі заман тұрғысында жаңаша көзқараспен қарап өз пікірлерін білдірді.
Нұржігіт Бердібекұлы оқушыға қажетті, өзекті мәселенің түйткілін шешетін бағытта оқушылардың жан-дүниесін ашып қана қоймай, олардың өзіндік пікірлерін ашық айтуға, адами тұрғыда тұжырым жасай алу дағдыларын қалыптастыруға баулып, өзінің де кәсіби шеберлігін шыңдауда үнемі ізденісте жүрген ұстазға қанатың талмасын дегіміз келеді