Ұстаздарымыз Абай ілімімен сапалы білім беру негіздері аясында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаздарымыз Абай ілімімен сапалы білім беру негіздері аясында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті
30
сәуір
2024

Ұстаздарымыз Абай ілімімен сапалы білім беру негіздері аясында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті

https://www.instagram.com/p/C5-9tWzrFWB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жетекші оқытушы қауымымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Досымбекова Меруерт Казакбаевна тығыз байланыс орнатып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлының тың идеясын таратуда университеттің студенттеріне (қатысушылар - 500 студент) “Педагогтің қоғам алдындағы парызы” тақырыбында шебер-сынып ұйымдастырып, қазіргі заманда педагогтің басты ұстанымдары, мұғалім мен оқушы арасындағы басты құндылықтар, Абай ілімімен сапалы білім беру негіздері аясында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
Шебер-сынып бағдарламасына сәйкес Меруерт Казакбаевна “Білім сапасын арттырудағы құзіреттіліктер – педагогтің басты ұстанымы” тақырыбымен болашақ маман ретінде балаға сапалы білім негізін қалыптастыруда оқушыға қажетті құзіреттіліктер туралы әдістемелік бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар, мектебіміздің ЖОО-мен серіктестік негізінде студенттерге кәсіптік бағдар беру жұмысында лицейдің орны, бағдар беру ерекшеліктері туралы жұмыс бағыттарымен бөлісті. Іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шарадан алған әсерлерімен бөліскен оқытушылар:
1) Абай атындағы ҚазҰПУ-нің білікті ұстазы, ф.ғ.к., профессоры Жүніс Майра Әбибуллақызы.
2) Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., доцент Илясова Нағима Әбзелбекқызы.
3) Абай атындағы ҚазҰПУ-нің білікті ұстазы, PhD аға оқытушысы Балабекова Катира Шахмановна апайларға алғысымыз шексіз!