07
ақпан
2023
«Оқуға құштар» мектеп жобасы аясында дөңгелек үстел өткізді.
Ақпанның 6-шы күні лицей кітапханасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сейткулова Фариза Жаканкызы мен кітапханашы Ақбердинова Арайлым ұйымдастыруымен «Оқуға құштар» мектеп жобасы аясында 5 "А" сынып оқушыларымен классик жазушы, қазақтың көркем сөз зергері, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің тәрбиелік мәнін анықтауға бағытталған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар әңгімені өздері дайындаған иллюстрациялық суреттер арқылы бөлімдерге бөліп мазмұндады. Табиғат пен адамның арасындағы балансты сақтаудың маңызын шығарманы бірге талқылау арқылы ұғынды.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды адалдыққа, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды адалдыққа, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
