Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
03
мамыр
2024

Ашық сабақтар айлығы




Эстетткалық, дене шынықтыру және АӘТД пендер мұғалімдері кафедрасының ғылыми-әдістемелік айлығы аясында тәжірибемен алмасу, тарату жұмыстарында музыка пәнінің мұғалімі Муханбеталиева Нүрзия Есімғалиқызы “Жаратылыстану пәндерінің музыкамен байланысы” тақырыбында ұжым мұғалімдерімен шебер-сынып өткізді. Ұстаз іс-шарада тек пәнаралық байланыс туралы іліммен шектелмей, өзінің философиялық ой-толғамымен де бөлісті. Жұмыс барысында практикалық-шеберлік дағдыларына орай жұмыстар жүргізіліп, музыка саласындағы заңдылықтардың физика, химия, биология пәндерімен тығыз байланыстары, үндестік туралы нақты теорияларды талқылай келе өзара пікіралмасу жұмыстары арқылы тұжырымдар нақтыланды. Қатысушылар іс-шарадан мол мәліметтер және ақпараттар алды. Болашақта аталған пәндермен кіріктірілген сабақ беру барысын жоспарлауды қарастырсақ, оқушылардың қызығушылықтарын, жаратылыстану пәндері арқылы музыкаға, өнерге деген қызығушылықтарын арттыруға арқау болатыны туралы жоспарлау болашақтың еншісінде деп, ДҒӘІЖО Г.Б.Сартбаева іс-шараны қорытындылады.