Жас мамандармен жұмыс » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жас мамандармен жұмыс
13
қыркүйек
2021

Жас мамандармен жұмыс

      2021 жылдың 9 қыркүйегінде ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес бастапқы жұмыста тізімдері нақтыланып, жоспарлары бекітіліп, ағымдағы оқу жылында "Жастар" жас мамандар клубының семинары ДҒӘІЖ  орынбасары Г.Б.Сартбаева тарапынан ұйымдастырылып өткізілді. 
Тақырыбы: "Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру - заман талабы". Семинарда тақырыпқа сәйкес теориялық түсініктер беріліп, семинардың 2-бөлімінде Лицейдің педагог-психологтері Магзумова Н.К., Мусабаева  А.А. "Ерекше амандасу", "Менің есімім", "Ыстық картоп", "Мені таны",  "Шаңырақ"  жаттығу-тренингтері жасалды.
Мақсаты: топтың ұйымшылдығын қалыптастыру, оны сабақтарында кері байланыс ретінде пайдалану.  Сонымен қатар ағымдағы жылда жас мамандармен жұмыс бағыттарының жүргізілуі туралы айтылды. Соңынан туған күн иелерін құттықтау үрдісі жас мамандар қызығушылығын арттыра түсті. Барлығымызға сәттілік!✊