Оқушыларға » Страница 17 » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 17
"Патриоттық рух - басты құндылық"
03
қараша
2021
"Патриоттық рух - басты құндылық"
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы "ПАТРИОТТЫҚ РУХ - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ" жобасы бойынша Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттау мақсатында оқушылар арасында өткен аудандық "ҚАСИЕТТІ ДОМБЫРА" атты домбырамен ән айту, күй тарту шығармашылық байқауына қатысып "Мәнерлеп оқудан"  І орын иеленген - Маркс Алихан және ІІ орынды Есиркеев Жәңгір Әменұлы иеленді. 
"Сардар" олимпиадасы
19
мамыр
2021
"Сардар" олимпиадасы
11 А сынып оқушысы Даниал Әмірхан Республикалық кешенді "Сардар" олимпиадасының қалалық кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, БАС жүлдеге ие болды. Жетекшісі Жүнісбек Сәкен Жұмаханұлы. Әмірханды шын жүректен құттықтаймыз!
Республикалық  ЖББ пәндер олимпиадасы
19
мамыр
2021
Республикалық ЖББ пәндер олимпиадасы
9 "А"сынып оқушысы Республикалық ЖББ пәндер олимпиадасында информатика пәнінен 3-орынды иеленіп, қола медаль иегері атанды. Ата-анасына алғыс білдіре отырып, лицей абыройын көтерген Дастанға зор табыс тілеп, үлкен белестерді бағындыруға тілектеспіз!!!
Қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары
19
мамыр
2021
Қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары
Сәуір айында өткен қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары информатикадан 8 сынып оқушысы Жексенов Арманжан, 2-орын, жетекшісі Бекбергенова Б.С., 7 сынып оқушысы Қозыбек Аружан 3-орын, жетекшісі Малыбаева Г.А., сондай-ақ, биология пәнінен 7 сынып оқушысы Рахманәлі Аружан "Құрмет грамотасымен" марапатталды, жетекшісі Мақсот А.Б. Құттықтаймыз!!!
"Судағы қауіпсіздік" тақырыбында танымдық сағаты
12
мамыр
2021
"Судағы қауіпсіздік" тақырыбында танымдық сағаты
Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін сақтау мақсатында "Судағы қауіпсіздік" тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ақпараттар беру. #дчс#алматы
Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасы
11
мамыр
2021
Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасы
Лицейдің 10 сынып оқушысы Арғынбаева Бибінұр Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасына қатысып, 3-орынды иеленді. Жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі К.А.Сеитова. Құттықтаймыз!
"Халықаралық жастар олимпиадасы-2021" математика бағыты
11
мамыр
2021
"Халықаралық жастар олимпиадасы-2021" математика бағыты
Лицейдің 11 "А" сынып оқушысы Даниял Әмірхан Мәскеу жоғарғы экономикалық мектебі ұйымдастырған "Халықаралық жастар олимпиадасы-2021" математика бағыты бойынша қатысып, 3-орын жеңімпазы атанып, Москва жоғарғы экономикалық университетіне түсуге 70% грант ұтып алды. Сондай-ақ, "Бельчонок" оқушылар арасында университет олимпиадасына қатысып, 2-орынды иеленді және Сібір федеральді университетіне оқуға түсуге 100 % грант ұтып алды. Олимпиадалық резерв тренер-жетекшісі Кабаев М.К., пән мұғалімі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
11
мамыр
2021
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
Лицейдің 9 А сынып оқушысы Муханбеткалиев Дастан жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың информатика пәні бойынша жүлделі 3 орынға ие болды. Дастанды жеңісімен құттықтаймыз!
Қалалық "Алтын түлек" олимпиадасы
10
мамыр
2021
Қалалық "Алтын түлек" олимпиадасы
Қалалық "Алтын түлек" олимпиадасына лицейдің 10 сынып оқушылары қатысып, Окенов Ильяс 2-ші орынды иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен және 10000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. 10 сынып оқушысы Арғынбаева Бибінұр грамотамен марапатталды. "Алтын түлек" олимпиадасының қалалық кезеңінің 3-орын жеңімпазы С.А.Ходжиков атындағы#39 мамандандырылған лицей атанды. Құттықтаймыз!!!