Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақтар айлығы
26
қаңтар
2026
Ашық сабақтар айлығы
20.01 күні 9 «В» сыныбымен Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Искакова Шынар Кенесбековна ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын түсіндіру, оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, өз пікірін дәлелді түрде айтуға дағдыландыру. Оқушылар тарихи деректерге сүйене отырып талдап, ел тәуелсіздігі жолындағы ерліктің мәнін сезіне білді. Сабақ жүйелі, жинақы, сабақ құрылымына сай реттілікпен
Ашық сабақтар айлығы
26
қаңтар
2026
Ашық сабақтар айлығы
“Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы” онкүндігі аясында жоспарланған ашық сабақтар аясында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүнісова Алма Шакардинқызы 20.01.2026ж. 6 “Б” сыныбымен “Таулардан өзен ағар сарқыраған. Белгісіздік есімдігі” тақырыбында танымдық ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар грамматикалық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, ой-тұжырымдарын еркін жеткізе алатынын аңғартты. Сабақ мақсатына сәйкес жеке, жұптық,топтық тапсырмалар түрлі әдіс-тәсілдер арқылы
“Бағып-қағуда көп мағына бар” атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді
24
қаңтар
2026
“Бағып-қағуда көп мағына бар” атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді
Онкүндік аясында, сыныптан тыс іс-шаралар жоспарвна сәйкес қаңтардың 20-сы күні 5 “ә,б,г” сынып оқушылары арасында пән мұғалімдері Ж.М.Байкожаева мен Р.А.Баимбетованың ұйымдастыруымен “Бағып-қағуда көп мағына бар” атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Ы.Алтынсарин және А.Байтұрсынұлы шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, ізеттілікке баулу. Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Іс -шарада оқушылар А.Байтұрсынұлының “Егіннің бастары”,
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері кафедрасының онкүндігі
24
қаңтар
2026
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері кафедрасының онкүндігі
2025 жылдың 19.01 күні онкүндіктің салтанатты ашылуы сәтінен! 19.01-30.01 аралығында “Қазақ тілі мен әдебиет пәндер мұғалімдері” кафедрасының онкүндігі жоспары бекітілді.
«Бір ел – бір кітап» акциясына шақыру
24
қаңтар
2026
«Бір ел – бір кітап» акциясына шақыру
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдеби мұраны кеңінен насихаттау мақсатында лицейімізде кітапханашының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына шақыру жұмыстары жүргізілді. Кітапханашы акцияның маңызы мен мақсатын түсіндіріп, оқушыларды ортақ әдеби құндылықты бірге оқып, талқылауға үндеді. Шара барысында ұсынылған шығармалар таныстырылып, кітап оқудың рухани дамудағы рөлі атап өтілді. Аталған акция оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға, әдеби
«STEM-САБАҚТЫ ЖОБАЛАУҒА ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ
24
қаңтар
2026
«STEM-САБАҚТЫ ЖОБАЛАУҒА ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА
Математика пән мұғалімі Өмірзақ Мағжан Қалымжанұлы Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония мемлекеттерінен өткен тағылымдама аясында «STEM-САБАҚТЫ ЖОБАЛАУҒА ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ» тақырыбында қала мектептерінің математика мұғалімдеріне қалалық каскадты оқыту Семинар-практикум өткізді, семинардың мақсаты: • пәндерді кіріктіре отырып, STEM-оқыту технологияларын сабақ барысында тиімді қолдану жолдарын көрсету; • мұғалімдердің интеграцияланған сабақ
“Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия” байқауының жұптық сайысының 3-орын
22
желтоқсан
2025
“Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия” байқауының
Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия” байқауының жұптық сайысының 3-орын🥉 иегерлері қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кенжалиева Жанар Камбаровна және математика пәнінің мұғалімі Мәсіпов Байыржан Бақытжанұлы. Сонымен қатар Алмалы ауданының командасы қаланың 8 ауданының ішінен 3-орынды 🥉иеленді. Құттықтаймыз!
“STEM педагог” байқауында 1-орынды иеленді!
22
желтоқсан
2025
“STEM педагог” байқауында 1-орынды иеленді!
Физика пәнінің мұғалімі Наукенов Дармен Дауленбекулы “Өрлеу” БАҰО” АҚ тарапынан ұйымдастырылған республикалық “STEM педагог” байқауында 1-орынды иеленді! Құтты болсын!
ТӘЖІРИБЕ. НӘТИЖЕ. ШЕШІМ.
17
желтоқсан
2025
ТӘЖІРИБЕ. НӘТИЖЕ. ШЕШІМ.
ТӘЖІРИБЕ. НӘТИЖЕ. ШЕШІМ. Алматы қаласы, С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде математика–информатика пәндер мұғалімдері кафедрасының онкүндік аясында ғылыми-әдістемелік іс-шара өткізілді. Іс-шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің математика кафедрасы мен лицейдің математика–информатика кафедрасы арасындағы академиялық және әдістемелік іс-тәжірибе алмасуға бағытталды. Лицей мен университет арасындағы әріптестік байланыс негізінде халықаралық тәжірибені зерделеу
“Антитеррорлық қауіпсіздік” тақырыбында ұжымға ақпараттар және мәліметтер берілді
03
желтоқсан
2025
“Антитеррорлық қауіпсіздік” тақырыбында ұжымға ақпараттар және
1-желтоқсанда лицейдің кезекті өндірістік жиналысында физика пәнінің мұғалімдері Наукенов Дармен Дауленбекұлы және Болат Думан Болатұлы “Антитеррорлық қауіпсіздік” тақырыбында ұжымға ақпараттар және мәліметтер беріп, іс-шара соңында алған ақпараттары аясында тест жұмыстары орындалды. Ұжым аса маңызды ақпараттармен және тиісті орындалатын әрекеттер мен шаралар бағытттарымен таныстырылды