Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қалалық көркем еңбек пәнінен семинар-практикум өтті
16
ақпан
2026
Қалалық көркем еңбек пәнінен семинар-практикум өтті
11 ақпанда лицей директорының м.а. Досымбекова М.К. лицейдің көркем еңбек пәнінен семинар-практикумның өткізілуін ашып беріп, сөз сөйлеп, лицейдің көркем еңбек пән мұғалімдері Байгалиева Т.А., Сартбаева Г.Б., Утаргалиева Г.Ж. және қала мектептерінің тәжірибелі ұстаздарымен бірлескен жас мамандарға арналған семинар-практикум ұйымдастырылып өткізілді. Семинар қала мектептерінен келген жас мамандар үшін берері мол, тағылымы зор іс-шаралармен қамтылған, соның ішінде “Теория.Әдістеме.Тәжірибе.”,
Абай оқулары – рухани жаңғырудың жарқын көрінісі
16
ақпан
2026
Абай оқулары – рухани жаңғырудың жарқын көрінісі
Абай оқулары – рухани жаңғырудың жарқын көрінісі С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей қабырғасында лицейдің аға тәлімгері Акимов Саматтың ұсынысымен «Абай оқулары» іс-шарасы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ұлы ақынның шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, сөз өнеріне құрметін қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау. Оқушылар Абай Құнанбайұлы өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен үзінділер келтіріп, терең ойлы туындылары арқылы өздерінің шығармашылық
Лицейде «Ұшқыр ой алаңы» атты интеллектуалды ойыны өткізілді.
10
ақпан
2026
Лицейде «Ұшқыр ой алаңы» атты интеллектуалды ойыны өткізілді.
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 7-сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Аталған іс-шара лицейдің тәрбие жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік белсенділігін арттыру, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру және сыныптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жүргізілді. Танымдық әрі тартысты өткен сайыс
Лицей қонақта-Бейбіт Сарыбай
10
ақпан
2026
Лицей қонақта-Бейбіт Сарыбай
19.91-30.01 аралығында “Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері” кафедрасының “Бекзат.Шаршы алаңнан тыс” кітабының авторы Бейбіт Сарыбаймен кездесу онкүндіктің жабылуы, онкүндікті қорытындылау шара аясында жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді! Кафедра ұстаздары мен оқушылар үшін осындай тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шара үшін алғыс білдіреміз!
Ашық сабақтар айлығы
05
ақпан
2026
Ашық сабақтар айлығы
23.01 “Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері” кафедрасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Динабекова Алина Айбекқызы 5”А” сыныбымен “Бала қиялы” тақырыбында жоғары деңгейде ұйымдастырылған ерекше ашық сабақ өтті📚 🔹Сабақ заманауи талаптарға сай құрылып, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталды. Оқу барысында түрлі шығармашылық және функционалдық тапсырмалар беріліп, оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге, салыстыруға, талдауға дағдыланды. 🔸Сабақта пәнаралық
“Қазақ тарихының жұмбақ беттері” интеллектуалды сайысы өткізілді
01
ақпан
2026
“Қазақ тарихының жұмбақ беттері” интеллектуалды сайысы өткізілді
28 қаңтарда Рахманов Жарбол Мұратұлының ұйымдастыруы және жүргізуімен 10-сыныптар арасында өткен “Қазақ тарихының жұмбақ беттері” интеллектуалды сайысын өткізді. Мақсаты — оқушылардың қазақ тарихы бойынша білімін тереңдету, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық сана-сезімін қалыптастыру болды. Сайыс барысында тарихи сұрақтармен қатар логикалық тапсырмалардың берілуі оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, алған білімін талдап, салыстырып, қорытынды жасай білуге
Ашық сабақтар айлығы
01
ақпан
2026
Ашық сабақтар айлығы
27 қаңтар күні “Қоғамдық -гуманитарлық пәндер бірлестігінің” онкүндігінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенжалиева Жанар Камбаровна 8 “Б” сыныбымен “Бақытсыз Жамал” романының тілі, романды өңдеу” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жұмыс. Шығарма үзінділерін орынды қолданып,өз көзқарасын дәлелдеу. Романды қайта өңдеп жазу және креативті жазу дағдыларын дамыту. Сабақ патриоттық рух беретін әуенді серпіліспен басталды. Оқушылар calcus.ru платформасы арқылы топқа
Ашық сабақтар айлығы
01
ақпан
2026
Ашық сабақтар айлығы
Тарих пәнінің мұғалімі Косалбаева Салтанат Мұратқызы 5”А“ сыныбымен “Тасмола археологиялық мәдениеті “ тақырыбында өткен ашық сабағының мақсаты: оқушылар Тасмола археологиялық мәдениеті арқылы ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттайды, табиғатқа, дінге, салт-дәстүрге қатысты көзқарастарын түсіндіріп, мысалдармен дәлелдей алады. Сабақты ұйымдастыруда қолданылған әдістер топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы сыни ойлау әдістері, ойын технологиялары, АКТ және ЖИ мүмкіндіктерін қолданып,
Ашық сабақтар айлығы
26
қаңтар
2026
Ашық сабақтар айлығы
6 “Б” сыныбымен қазақ тілі пәнінен “Қазақстандағы көлдер. Болымсыз есімдігі”тақырыбында өткізілген ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Пән мұғалімі, Анар Ақанқызы, сабақтың мазмұнын толық ашып, мақсаттың нақты әрі жүйелі орындалғанын көрсете білді. Сабақ барысында қолданылған әртүрлі әдіс-тәсілдер оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына ықпал етті. Мұғалімнің шебер ұйымдастыруы мен кері байланысты тиімді қолдануы сабақ мақсатының толық жүзеге асуына мүмкіндік берді.
Ашық сабақтар айлағы
26
қаңтар
2026
Ашық сабақтар айлағы
Онкүндік аясында 21.01 күні Караева Нұрсәуле Болатханқызы қазақ тілі пәнінен өте ерекше ашық сабақ өтті. 7 «А» сынып оқушыларымен бірге қазіргі қоғамның өзекті мәселесі — «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыбын талқылады. Сабақ барысында жауапкершілік, бірлік және цифрлық мәдениет секілді құндылықтар назардан тыс қалмаған. Ең алдымен «Жүректі тазарту» психологиялық ахуалымен басталып, оқушылардың жағымсыз көңіл-күйден арылып, сабаққа зейін қоюына жағдай жасалды. Wordwall платформасы