Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейде «Досболайық» жобасы аясында «Досыңды бейнеле» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
16
ақпан
2026

Лицейде «Досболайық» жобасы аясында «Досыңды бейнеле» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.




Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде
«Досболайық» жобасы аясында «Досыңды бейнеле» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған шараны лицейдің әлеуметтік педагогы Советқанова Дина Рамазанқызы ұйымдастырып, оқушылар арасында достықты нығайтуға, өзара сыйластық пен түсіністікті арттыруға бағытталды.

Іс-шара барысында оқушылар өз достарын бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, достықтың шынайы мәнін сезіне білді. Балалар үшін өте қызықты әрі әсерлі өткен бұл шара оларға ерекше көңіл-күй сыйлап, үлкен қызығушылық тудырды.

Оқушылар тарапынан жоғары бағаланған тәрбиелік іс-шара өте тамаша деңгейде өтті. Осындай мазмұнды жұмыстар балалардың тұлғалық дамуына оң ықпал етері сөзсіз.