16
ақпан
2026
«Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің еңбек құқығы» танымдық іс-шарасы өткізілді



«Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің еңбек құқығы»
Лицейімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің еңбек құқығы» тақырыбында танымдық түсіндіру жұмысы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасөспірімдердің еңбек ету құқығы, жұмыс уақытының ерекшеліктері, қауіпсіз еңбек жағдайлары, сондай-ақ құқықтары мен міндеттері туралы маңызды ақпараттармен танысты. Теориялық мәліметтер өмірмен байланысты мысалдар арқылы түсіндіріліп, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Аталған іс-шараны лицейіміздің әлеуметтік педагогы Советқанова Дина Рамазанқызы ұйымдастырып, жасөспірімдерге еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарын дұрыс түсінуге бағытталған құнды мәліметтер ұсынды.
Мұндай құқықтық бағыттағы кездесулер оқушылардың өз құқықтарын қорғауға, заңды білуге және саналы азамат болып қалыптасуына зор ықпал етеді