16
ақпан
2026
Салауатты өмір – дұрыс тамақтанудан басталады



Салауатты өмір – дұрыс тамақтанудан басталады
Лицейімізде оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дұрыс тамақтануға арналған тәрбие сағаты өтті.
Аталған шара лицейдің әлеуметтік педагогы Советқанова Дина Рамазанқызының ұйымдастыруымен өткізілді.
Тәрбие сағатына лицейдің медбикесі де арнайы қатысып, оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы, күнделікті ас мәзірінің құрамы, пайдалы және зиянды тағамдар, сондай-ақ салауатты өмір сүру үшін нені ескеру қажет екендігі туралы мазмұнды ақпаратпен бөлісті.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, денсаулықты сақтау жолдары жөнінде пайдалы кеңестер алды. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың дұрыс әдет қалыптастыруына және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауына үлкен ықпал етеді