16
ақпан
2026
Көмек – адамгершіліктің айнасы

Көмек – адамгершіліктің айнасы
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде «Көмек» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар бір-біріне қолдау көрсету, қиын сәтте жанашыр болу, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту секілді адамгершілік құндылықтар туралы ой бөлісті. «Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді» деген ой кеңінен талқыланып, өмірлік жағдаяттар арқылы мысалдар келтірілді.
Оқушылар көмектің тек материалдық емес, жылы сөз, шынайы қолдау, қарапайым қамқорлық арқылы да көрсетілетінін түсінді. Әрбір игі іс – қоғамдағы мейірім мен бірліктің нығаюына жол ашады.
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейі жас ұрпақты адамгершілікке, жауапкершілікке және өзара сыйластыққа тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.