Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам»
25
ақпан
2026

«Өнертапқыштыққа алғашқы қадам»


«Өнертапқыштыққа алғашқы қадам»
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей қабырғасында 9-сынып оқушылары арасында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты зияткерлік сайыс өтті.
Сайыс барысында оқушылар өздерінің тың идеяларын ұсынып, шығармашылық қабілеттері мен логикалық ойлау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Әр жоба – болашаққа жасалған нық қадам, жаңашылдыққа деген талпыныстың айқын дәлелі болды.
Байқау өте тартысты өтіп, қатысушылар арасындағы бәсекелестік ерекше сезілді. Оқушылар тапқырлық, ізденімпаздық және командалық бірлік арқылы өз мүмкіндіктерін жан-жақты таныта білді.
Осындай білім бәйгелері жас өнертапқыштардың қанатын кеңге жайып, ғылым мен инновацияға деген қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз.