21
сәуір
2026
«DosbolLike бағдарламасының рөлі және баланың тұлғалық дамуына қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудағы жеке қауіпсіздік сабақтары» вебинар



педагогтері «DosbolLike бағдарламасының рөлі және баланың тұлғалық дамуына қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудағы жеке қауіпсіздік сабақтары» тақырыбындағы вебинарға қатысты.
Вебинар барысында білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы психологиялық орта қалыптастыру, сондай-ақ балалардың тұлғалық дамуын қолдау бағытындағы маңызды мәселелер талқыланды.
Іс-шарада DosbolLike бағдарламасының маңыздылығы, мектептегі өзара құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыру жолдары, оқушылардың жеке қауіпсіздігін арттыруға арналған тиімді әдістер туралы пайдалы ақпараттар ұсынылды.
Мұндай вебинарлар педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіріп, білім беру ортасын қауіпсіз әрі қолайлы етуге үлкен үлес қосады.