26
қаңтар
2026
«Досболайк» сабақтары негізінде буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға бағытталған «Буллингтен қорған!» акциясы өткізілді.



Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Досболайк» сабақтары негізінде буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға бағытталған «Буллингтен қорған!» акциясы өткізілді.
Акция барысында оқушыларға буллингтің түрлері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ өз құқықтарын қорғау жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызын түсініп, бір-біріне қолдау көрсету, өзара сыйластық пен жауапкершілік туралы маңызды ақпарат алды.
Аталған іс-шара оқушылардың саналы көзқарасын қалыптастыруға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және мектепте қауіпсіз, қолайлы білім беру ортасын нығайтуға бағытталды.