26
қаңтар
2026
«Досболlike» жоспары аясында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында 5–8 сынып оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру дәрістері өткізілді.


Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Досболlike» жоспары аясында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында 5–8 сынып оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру дәрістері өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға буллинг және кибербуллинг ұғымдары, оның түрлері мен салдары, сондай-ақ осындай жағымсыз жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға қауіп төнген жағдайда қайда және кімге жүгіну керектігі туралы маңызды ақпарат берілді.
Аталған дәрістер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас қалыптастыруға және қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға бағытталды.