21
сәуір
2026
«Бәрімізді бауырына басқан – біздің ғаламшарымыз» тақырыбында Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы лицей қабырғасында мазмұнды тәрбие сағаты өткізілді.

«Бәрімізді бауырына басқан – біздің ғаламшарымыз» тақырыбында Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы лицей қабырғасында мазмұнды тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және Жер-анамыздың қадірін түсіндіру болды.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар ғаламшарымыздың экологиялық жағдайы туралы ой бөлісіп, табиғатты қорғау жолдары жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар түрлі танымдық мәліметтер айтылып, қызықты тапсырмалар мен пікірталастар ұйымдастырылды.
Жас ұрпақтың табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы оқушыларымыз экологиялық мәдениетті бойына сіңіріп, болашаққа жауапкершілікпен қарауды үйренеді