21
сәуір
2026
КӨМЕК тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті


КӨМЕК тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті
Алмалы ауданының мектеп оқушыларына «КӨМЕК» тақырыбында маңызды түсіндірме жұмыстары Zoom платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға түрлі өмірлік жағдайларда көмек сұрау, қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, сенім телефондары мен қажетті қызметтерге жүгіну тәртібі туралы ақпарат берілді.
Онлайн кездесу оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың өмірлік дағдыларын дамытуға үлкен септігін тигізеді.