21
сәуір
2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы лицейдегі сенбілік



04.04.2026 ж. күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қалалық сенбілікке белсене қатысты.
Аталған іс-шара барысында оқушылар лицей ауласын тазалап, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Табиғатты аялау, туған жерге деген жауапкершілік пен қамқорлық таныту — әрбір азаматтың міндеті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тазалыққа деген көзқарасын нығайта түседі