21
сәуір
2026
«Алматы – таза қала» тақырыбында сынып сағаты өткізілді



«Алматы – таза қала» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, көшелерді таза ұстау, қоқысты сұрыптау сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Әр адам өзінен бастап тазалық сақтаса, қаламыз да көркейіп, өмір сүруге қолайлы орта қалыптасатыны айтылды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін түсінді.
🌱 Таза қала – жарқын болашақ кепілі!
🌱 Тазалық – мәдениеттің белгісі!