Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жеке қауіпсіздік – әркімнің өз қолында» сынып сағаты өткізілді
28
сәуір
2026

Жеке қауіпсіздік – әркімнің өз қолында» сынып сағаты өткізілді




Жеке қауіпсіздік – әркімнің өз қолында» сынып сағаты өткізілді

Мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмірлік маңызды дағдыларды қалыптастыру мақсатында «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сабақ барысында оқушыларға көшеде, мектепте және үйде өзін дұрыс ұстау, төтенше жағдайларда сақтық шараларын сақтау, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, интернеттегі қауіпсіздік, жеке мәліметтерді қорғау, қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары туралы пайдалы ақпараттар берілді.

Оқушылар белсенді қатысып, түрлі жағдайларды талқылап, өз пікірлерімен бөлісті.

Сынып сағатының мақсаты – әрбір оқушының қауіпсіз өмір сүру мәдениетін қалыптастыру.

Қауіпсіздік – бұл жауапкершілік пен саналы әрекет!