28
сәуір
2026
«Көмек – адамгершіліктің белгісі» сынып сағаты өтті


«Көмек – адамгершіліктің белгісі» сынып сағаты өтті
Мектебімізде оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық және бір-біріне қолдау көрсету қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Көмек» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар көмек көрсету – адамгершіліктің ең асыл қасиеттерінің бірі екендігін түсініп, күнделікті өмірде бір-біріне қол ұшын беру маңызын талқылады.
Сонымен қатар, қиын жағдайда қалған адамға немқұрайлы қарамау, үлкендерді құрметтеу, достарына қолдау көрсету туралы тәрбиелік әңгімелер айтылды.
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі мысалдар келтіріп, белсенділік танытты.
Сынып сағатының мақсаты – ізгілікке тәрбиелеу, жақсылық жасауға баулу.
Жақсылық жасаудан жалықпайық!