08
мамыр
2026
«Суды үнемде» тақырыбындағы семинарға Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатысты




Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей оқушылары «Суды үнемде» тақырыбындағы семинарға Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатысты.
Семинар барысында оқушылар су ресурстарын үнемдеудің маңызы, оны тиімді пайдалану жолдары және қоршаған ортаны қорғаудағы әр адамның рөлі туралы маңызды ақпарат алды.
Аталған іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.