08
мамыр
2026
«Адал азамат – әділетті қоғам тірегі»

«Адал азамат – әділетті қоғам тірегі»
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ қоғамға пайдалы, саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар адалдықтың маңызы туралы өз ойларымен бөлісіп, түрлі жағдаяттарды талқылап, пікір алмасты. Сонымен қатар, өмірден алынған мысалдар арқылы адал жолдың әрдайым дұрыс таңдау екені түсіндірілді.
Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, олардың елжанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.