08
мамыр
2026
«Жеке қауіпсіздік – басты құндылық»

«Жеке қауіпсіздік – басты құндылық»
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға көшедегі, қоғамдық орындардағы, интернеттегі қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндіріліп, түрлі жағдаяттар бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, төтенше жағдайларда сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдаудың маңызы атап өтілді.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, олардың саналы әрі жауапты тұлға болып өсуіне ықпал етеді.