Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 4
«Лицей Қыз Жібегі 2023»
14
наурыз
2023
«Лицей Қыз Жібегі 2023»
«Лицей Қыз Жібегі 2023»  Гран-при Әлібек Ажар 8 «Б» сыныбы. 👑I орын Шакенова Аружан 9 «А» сыныбы. 👑II орын Барахан Ақниет 10 «В» сыныбы. 👑III орын Нұрмұхамед Айзере 9 «Ә» сыныбы. 👑«Көрермен көзайымы» номинациясы Марат Кәусар 10 «А» сыныбы. 👑«Кербез Ару» номинациясы Жанайдарова Нарзиза 10 «Б» сыныбы. 👑«Ақылына көркі сай» номинациясы Әбілханова Мадина 10 «Ә» сыныбы.  
«Лицей Қыз Жібегі 2023» байқауы өтілді
13
наурыз
2023
«Лицей Қыз Жібегі 2023» байқауы өтілді
06.03.2023 ж С.А.Ходжиковтың 100 жылдық мерей тойы қарсаңында дәстүрлі «Лицей Қыз Жібегі 2023» байқауы өтілді. Асыға күткен байқауға 8-10 сыныптардан 13 Жібек қатысып түрлі кезеңдерден өтті, нәтижесінде «Лицей Қыз Жібегі» Әлібек Ажар (8 Б сыныбы) атанып, тәж иесі атанды. Бұл титулды абыроймен ұстайды деген ойдамыз, жеңісті күндеріңіз көп болсын.🌸
Мектепішілік шахмат, тоғызқұмалақ ойындарының жеңімпаздары.
09
наурыз
2023
Мектепішілік шахмат, тоғызқұмалақ ойындарының жеңімпаздары.
С.А.Ходжиковтың онкүндігі аясында өткізілген мектепішілік шахмат, тоғызқұмалақ ойындарының жеңімпаздары. Жетекшісі: Бекешов Қ.Д. және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері Эрнстова Р. Әмірбеков А. Айнабекова Г.
«Қазақ киносының Сұлтаны»  5-6 сынып оқушылары арасында өткен “Тоғызқұмалақ” жарысының нәтижесі
06
наурыз
2023
«Қазақ киносының Сұлтаны» 5-6 сынып оқушылары арасында өткен
2023 жылдың 02.03. күні «Қазақ киносының Сұлтаны» Сұлтан-Ахмет Қожықовтың 100 жылдық мерейтойына орай қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен онкүндік аясында лицейіміздің 5-6 сынып оқушылары арасында өткен “Тоғызқұмалақ” жарысының нәтижесі келесідей болды. Жарыс жеңімпаздары: 1-Орынбай Айша 1-Орасхан Елжалғас 2-Қасымхан Дәрия 2-Әділхан Асылжан 3-Пәрімбай Айару 3-Тәжигали Амир Жарысқа белсене атсалысқан оқушыларды құттықтаймыз.👍🏻
Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлының 100 жылдық мерей тойына орай  онкүндігінің ресми ашылу салтанатты жиыны өтті!
02
наурыз
2023
Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлының 100 жылдық мерей тойына орай
Бүгін яғни 2 наурыз Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлының 100 жылдық мерей тойына орай лицей ұжымының ұйымдастырған онкүндігінің ресми ашылу салтанатты жиыны өтті! Онкүндік аясында лицей ұстаздары мен оқушылары этностильде киініп, қазақ ұлттық киім үлгілерін насихаттайтын болады…
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
23
ақпан
2023
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
Лицейімізде 21 ақпан күні, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлері: Қазақбай Зейнуллаұлы,Мұрат Тілеуліұлы,Бақытжан Жұмаханұлымен кездесу кеші өтті. Кешті ұйымдастырған 7”А”мен 6”А” сынып оқушылары. Оқушылар ардагер ағаларына арнап ән айтып,күй тартып керемет көңіл күй сыйлады.
Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналған әдеби-саз кеші өткізілді.
14
ақпан
2023
Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналған әдеби-саз кеші өткізілді.
10-ақпан С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде Қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналған әдеби-саз кеші өткізілді. Кеш барысынды ақынның өлеңдерінен үзінді оқылып, әндері орындалды. Ең ерекшесі 9Б сынып оқушыларының қойған «Аққулар ұйықтағанда» пьесасы көрерменге ерекше әсер қалдырды. Жоғары деңгейде өткізілген кеш ұйымдастырушысы 9Б сыныбы мен сынып жетекшісі Кахарманова Н.А.  
«Оқуға құштар» мектеп жобасы аясында  дөңгелек үстел    өткізді.
07
ақпан
2023
«Оқуға құштар» мектеп жобасы аясында дөңгелек үстел өткізді.
Ақпанның 6-шы күні лицей кітапханасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сейткулова Фариза Жаканкызы мен кітапханашы Ақбердинова Арайлым ұйымдастыруымен «Оқуға құштар» мектеп жобасы аясында 5 "А" сынып оқушыларымен классик жазушы, қазақтың көркем сөз зергері, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің тәрбиелік мәнін анықтауға бағытталған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар әңгімені өздері дайындаған иллюстрациялық суреттер арқылы бөлімдерге бөліп мазмұндады. Табиғат
“Қазақ ән әлемінің падишасы” атты әдеби-сазды кеші
03
ақпан
2023
“Қазақ ән әлемінің падишасы” атты әдеби-сазды кеші
Роза Тәжібайқызының өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын ұлықтауды мақсат тұтқан 7 “Ә”, 5 “Б” сынып оқушыларының “Қазақ ән әлемінің падишасы” атты әдеби-сазды кеші жоғары деңгейде өтті!✨👍 Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген алаштың ай маңдайлы аруы, күміс көмей әншісі Роза Бағланованың құдіретті әндері халқының жүрегінде!🌹 Іс-шара мақсаты: Әншінің қоғамда алған орны туралы оқушыларға мағлұмат беру, аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын
“Дабыл чемодан”  С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей оқушылары мен ұстаздарына арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
30
қаңтар
2023
“Дабыл чемодан” С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей
Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.К.Амрин тапсырмасымен, Алмалы ауданының төтенше жағдайлар басқармасы № 79 Каскадный Гимназия КММ акт залында “Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.К.Амрин бекіткен төтенше жағдайлардағы мінез-құлық қағидалары туралы халықтың хабардар болуы” көрсеткіші бойынша 2025 жылғы Алматы қаласын дамыту Бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды іске асыруға мемлекеттік органдар мен ұйымдарды Бекіту жоспарының 8-тармағын орындауда әдіспен Алмалы