Психолог кеңесі » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психолог кеңесі
15
қараша
2021

Психолог кеңесі

Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті  кеңестер.
 
Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрi парызы.
1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.
 2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз. 
3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз. Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз. 
4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз. 
5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз. 
6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет. 
7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз. 
8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз. 
9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды. 
10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз. 
11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз. 12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс. 
13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Мұндай сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу-ыза басым, қызба болады. Өсе келе түрлі қылмсыс, зорлық-зомбылық   жасау сияқты келеңсіз жағдайларға бой алдыруы мүмкін. Қайта керісінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз. 
14. Әр ата-ана баланың шынайы табиғатын сезініп, табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып,  бар болмысымен қабылдап, түсіне білуі керек.
15. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.
Педагог-психолог Назым Қуандыққызы