13
қараша
2021
Психолог кеңесі
Оқушыға кеңес: Тұлға болам десеңіз....
1. Жеңіліске бір қадам қалғанда, жеңіс келеді. Сондықтан мойыма, бастаған ісіңді аяына дейін жеткіз! Жетістікке жетуді ойла. Табысқа талпынған ғана жетеді.
2. Ойың іске асқанда, арманың орындалады. Сондықтан оптимист бол, тек жақсылықты ойла! Ойың әрқашан таза, көңіл-күйің көтеріңкі болсын!
4. Қалауын тапса - қар жанар. Сондықтан жігерлі бол, сенің қолыңнан бәрі келеді!
5. Өткен іске өкінбе, алдыға Мақсат Құр, болашаққа жоспар жаса. Күн тәртібіңді ретте. Өте көп жұмысты мойныңа алма.
6. Еңсеңді көтер, сезімдеріңді басқара біл! Сезіміңді ақылға жеңдіре біл. Сезімді ақылға жеңдірсең –абыройың артады, ал сезім жеңсе – ақмақтыққа ұрынасың.
7. Қиындықтарға берілме. Қиындыққа тап болмаған адам өзінің күшін білмейді сондықтан талпын!
8. Білгеніңмен бөліс. Біреуге білгеніңді айтқанда, үйреткенде есте қалу мүмкіндігі өте жоғары болады.
8. Басқаларға сенім мен табандылықты ұялат. Уәде бердің бе - орында!
9. Уақыт адамзатпен санаспайды, уақытпен санасқан адаспайды. Өзіңнің де, өзгенің де уақытын қадірлей біл. Бос уақытыңды пайдалы өткізуге тырыс.
10. Өзіңнің сәттіліктерің мен жетістіктерің жайлы жиі ойла. Өз - өзіңе сенімді бол!
Сәттілік!!!
Педагог-психолог Назым Қуандыққызы