"Адалдық" дүкені » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қыркүйек
2021

"Адалдық" дүкені

"Адалдық - асыл қасиет"
"Адал ұрпақ" еріктілер клуб мүшелері лицейде "Адалдық дүкенін" ұйымдастырды. Жобаның басты мақсаты - қоғамды сенім атмосферасын біртіңдеп құру және жастарға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру. Бұл жоба мектеп оқушыларын адалдыққа, мәдениеттілікке, қамқорлыққа, сыйластыққа баулыйды. Бұл дүкеннің ерекшелігі - дүкенде саудагер жоқ. Оқушы өзіне қажетті мектеп құралын алып, арнайы кассаға ақысын қалдырады. Осылайша өзінің алдында және өзгенің алдында адал болуға үйренеді. Түскен қаражатқа тағы да жаңа заттар алынады. Сонымен қоса, дүкен маңында "Әділ сөйлеп, адал жүр", "Сенім. бұл ұлы күш. Сенімге ие болу - өмірді мәнді ету", "Жалпы адамзаттың жақсылығына сену - адамгершіліктің ең биік белгісі" сынды ұлы тұлғалардың тәрбиелік мәні бар сөздері жазылған.
    Осындай дүкендерді енгізу жасөспірімдер арасында адалдық пен адамгершілік сияқты оңтайлы моральдық қасиеттерді қалыптастырады. Сенім мен адалдыққа негізделген дүкеннің есігі әрдайым ашық! "Адалдық дүкені" сендерді күтеді, достар!

СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗГЕ ЖӘНЕ АДАЛДЫҒЫҢЫЗҒА СЕНЕМІЗ!