Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Желтоқсан 2021 года » Страница 3
Қазақ тілі және әдебиет пәндер кафедрасының онкүндігі
21
желтоқсан
2021
Қазақ тілі және әдебиет пәндер кафедрасының онкүндігі
Онкүндік аясында мұғалімдер ашық сабақтар өткізумен қатар сыныптан тыс жұмыстар әр бағыт бойынша дебат-пікірсайысы, мұражайға онлайн саяхат, мәнерлеп оқу, кездесу түрінде ұйымдастырылып өткізілді. А.А. Динабекованың жетекшілігімен "А. Байтұрсынұлының мұражайына саяхат", К.К. Сарымбетованың жетекшілігімен "Әлеуеметтік желі дерт пе, әлде қажет пе?" дебат, "Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыруда "А. Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы" атты  лицей оқушылары арасында мәнерлеп оқу, Ж.М. Байкожаева мен
"Алматының жыл мұғалімі - 2021" байқауының бас жүлде иегерімен кездесу
21
желтоқсан
2021
"Алматының жыл мұғалімі - 2021" байқауының бас жүлде иегерімен кездесу
Бүгін "Алматының жыл мұғалімі - 2021" байқауының бас жүлде иегері, лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманов Нуржігіт Бердібекұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Нұржігіт ағай балалық шағын, ұстаздық ету жолына келуі жайлы айтты. Абай Құнанбайұлы айтқан "толық адам" бейнесін толық ашып айтты. Өзгені сыйлау үшін алдымен өзіңді сыйлаудан бастау керегін түсіндірді. Осындай кешті ұйымдастырған Құдайберген Ағайдарұлына және Әсем Қанатқызына алғысымызды білдіреміз! 
Онкүндіктер/Қазақ тілі және әдебиет пәндер мұғалімдері кафедрасы
21
желтоқсан
2021
---
Онкүндіктер/Қазақ тілі және әдебиет пәндер мұғалімдері кафедрасы
    2021 жылдың 15-25.11 аралығында "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәндер мұғалімдері кафедрасының онкүндігі аясында  әдеби-монтаж және шағын концерттік бағдарлама негізінде салтанатты ашылуы болды. Жоспарға сәйкес пән мұғалімі Баимбетова Р.А. 9-сыныппен "ЭКСПО көрмесі" тақырыбында ашық сабағы  оқушылардың шағын зерттеу әлеуетін таныта отырып, ерекше сабақ үлгісін көрсетті. Сондай-ақ, жас маман Караева Н.Б. 7-сыныппен "Сүйіспеншілік -шынайы сезім" тақырыбында
“30 жылдыққа 30 іс-шара”
20
желтоқсан
2021
“30 жылдыққа 30 іс-шара”
14-ші қараша күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “30 жылдыққа 30 іс-шара” жобасының қорытынды мерекелік концерті өтті. Шарада тәуелсіздік жолындағы өткен бабаларымыздың тарихы көрсетілді. Тәуелсіз ел тарихында жеткен жетістіктері айтылды. Оқушылар ән айтып, өлең оқып, би биледі. Лицей директоры мерекемен құттықтап, жобаға белсене қатысқан мұғалімдерді алғыс хаттармен марапаттады.✅ Еліміздің тәуелсіздігі патриоттық рухпен асқақтай берсін!
Қамқоршылық кеңесінің отырысы
13
желтоқсан
2021
Қамқоршылық кеңесінің отырысы
9 желтоқсан күні қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы, 2021-2022 оқу жылының ерекшеліктері және қамқоршылық кеңесінің міндеттері қарастырылды. Лицей директоры ата-аналарға мектеп ішін таныстырып, алынған заттарды көрсетті.