Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2022 года » Страница 4
"Қыз Жібек" сайысы
05
наурыз
2022
"Қыз Жібек" сайысы
Сұлтан-Ахмет Ходжиковтың 100 жылдық мерейтойы мен 8 наурыз күніне орай № 39 мамандандырылған лицейде “Лицей Қыз Жібегі -2022” атты қыз сыны байқауы өтті. Өте жоғарғы деңгейдегі байқауға  9 бірдей аруымыз қатысып арнайы дипломдармен марапатталды. Ал “Лицей Қыз Жібегі - 2022” атағын 9 “Г” сынып оқушысы Қалаубек Ақнұр иеленді! Ұйымдастырушылар: 10 “В” және 9 “А” сыныбы!
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
01
наурыз
2022
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
🩺🚑🚒👨‍🚒👩‍⚕️С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМ университетінің студенттік деканат ұйымының ұйымдастырылуымен лицейіміздің 10-шы сынып оқушыларына  “Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек” тақырыбы бойынша 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне сәйкес семинар өтті. Бұл семинарда АӘД және биология пәндерінен білімдерін оқушылар шыңдай түсті. Сонымен қатар 11-ші сынып ұлдары Құтқарушылар алаңына барып табиғат құбылысына байланысты  түрлі апаттың алдын-алу шаралары бойынша қатысып, көріп келді.
"Росатом" мектеп окушыларының олимпиадасы
01
наурыз
2022
"Росатом" мектеп окушыларының олимпиадасы
Мәскеу қаласының  "МИФИ" Ұлттық ядролык зерттеу университетінің "Росатом" мектеп окушыларының олимпиадасына 10 сынып окушылары Тоқтаров Хақназар, Бакиров Мирас, Рысаков Салават, Бадигул Айторе 3-орындарды иеленіп, ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекші-тренерлері Кабаев М.К., Аскар А. Құттыктаймыз!
Лицей мұражайына экскурсия
01
наурыз
2022
Лицей мұражайына экскурсия
Қазақ киносының құлагері  Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қожықовтың  туған күніне орай лицей оқушылары тарих сабағында лицей мұражайына экскурсияға барды. Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қожықов өмірі мен туындылары жайында әрбір жәдігерлер тарихымен танысып  тамаша әсер алды!