Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Желтоқсан 2022 года » Страница 5
«Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» атты кітап оқу марафоны
08
желтоқсан
2022
«Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» атты кітап оқу марафоны
5 қазан күні  «Кітап оқы айдары» акциясы аясында «Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» атты кітап оқу марафоны:   Кітап оқуды насихаттау,  оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған шараға мектеп оқушылары қатысты. Қатысушылар биылғы жылы ел болып  оқыды ұсынылған Ш. Құдайбердіұлының «Ұш анық», Б. Момышұлының «Ұшқан ұя», Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармашыларының өзектілігі  мен маңыздылығы, тәрбиелік
«Бірге кітап оқиық» атты эстафета өтті.
08
желтоқсан
2022
«Бірге кітап оқиық» атты эстафета өтті.
  2022 жылдың 7- желтоқсан   күні  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында 5-7 сынып оқушылары арасында «Бірге кітап оқиық» эстафетасы өтті. Эстафета мақсаты- оқушылар арасында кітап оқуға деген құштарлығын арттыра отырып қызығушылығы мен махаббатын ояту.  5 А сынып оқушылары Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесін таңдап, оқып, талдап келесі эстафета таяқшасын 5  Б  сынып оқушыларына тапсырды.
ҚР спорт шеберімен кездесу.
08
желтоқсан
2022
ҚР спорт шеберімен кездесу.
02.12.2022 лицейімізде танымал тұлғамен кездесу өтті.Ал қонағымыз Қазақстан Республикасының спорт шебері,бірнеше дүркін әлем чемпионы - Кебіспаев Алмат Қабдрешұлы. Кездесуде оқушыларды қызықтырған сұрақтар қойылып соңы 5 «Г» сынып оқушылары дайындаған концерттік номермен жалғасты!
Сейсмологиялық жағдайдағы қауіпсіздік шараларыy түсіндіру
08
желтоқсан
2022
Сейсмологиялық жағдайдағы қауіпсіздік шараларыy түсіндіру
2 желтоқсан Алматы қаласы бойынша жарияланған сейсможаттығуға С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей мекемесі де қатысты. Серена дауысы шығысымен лицей оқушылары мен ұстаздары спорт алаңына жиналып, оларға сейсмологиялық жағдайдағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді!
“Математика-информатика пәндер мұғалімдері” кафедрасының онкүндігі өткізілді.
07
желтоқсан
2022
“Математика-информатика пәндер мұғалімдері” кафедрасының онкүндігі
2022жылдың 14-25.11 аралығында “Сандық ақпараттағы шексіздік” атты “Математика-информатика пәндер мұғалімдері” кафедрасының онкүндігі өткізілді. Салтанатты түрде ашылуы ұйымдастырылып, 17 ашық сабақ, 6 сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Онкүндіктің жабылуы геометрия пәні авторларымен кнздксу өткізіп, осы іс-шарамен қорытындыланды. Онкүндік жоғары дәрежеде өтті.
XIV халықаралық Еуразия олимпиадасынан III дәрежелі диплом
07
желтоқсан
2022
XIV халықаралық Еуразия олимпиадасынан III дәрежелі диплом
2022 жылдың 4-5 желтоқсанында Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында информатика пәнінен оқушылар арасында XIV халықаралық Еуразия олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекістан, Тәжікстан мемлекеттерінен 50 команда қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей оқушысы Муханбеткалиев Дастан 🥉қола медалімен және III дәрежелі дипломмен марапатталды!
Ғылыми жоба жетекшілерін мектепішілік марапаттау
07
желтоқсан
2022
Ғылыми жоба жетекшілерін мектепішілік марапаттау
Қалалық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздарын, ғылыми жетекшілерін мектепішілік марапаттау сәті