Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қаңтар 2023 года » Страница 2
«Бестас» спорт турнирінің жүлделі 3-орын иегері атанды.
27
қаңтар
2023
«Бестас» спорт турнирінің жүлделі 3-орын иегері атанды.
Лицейіміздің қыздар командасы қалалық «Бестас» спорт турнирінің жүлделі 3-орын иегері атанды, салтанатты марапаттау рәсімі №87 мектеп қабырғасында өтті, марапаттауға қыздар командасының жетекшісі Эрнстова Роза және лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жамали Төлегенұлы қатысты. Сондай-ақ қыздар командасының жетекшісі Эрнстова Розаға турнирде төреші болғаны үшін арнайы алғыс хат табысталды, шын жүректен лицей ұжымы атынан құттықтаймыз!
Jiu-Jitsu спорт түрінен «Үздік спортшы» номинациясы берілді.
27
қаңтар
2023
Jiu-Jitsu спорт түрінен «Үздік спортшы» номинациясы берілді.
Лицейіміздің 8 «В» сынып оқушысы Маршалхан Нұртілек және 11 «Г» сынып оқушысы Маршалхан Ақтілекке Алматы қаласының 2022 жылғы қорытындысы бойынша Jiu-Jitsu спорт түрінен «Үздік спортшы» номинациясы берілді. Естеріңізде болса, Маршалхан Нұртілек пен Маршалхан Ақтілек қараша айында Біріккен Араб Әмірлігіндегі Абу-Даби қаласында өткен чемпионатта «Әлем чемпионы» атанған болатын.
“Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік” тақырыбымен онкүндіктің салтанатты ашылуы
27
қаңтар
2023
“Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым
2023 жылдың 23.01 күні “Ғылыми-жаратылыстану пәндер мұғалімдер” кафедрасының “Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік” тақырыбымен онкүндіктің салтанатты ашылуы өткізілді. Кафелра мүшелерінің жауапкершілігімен онкүндіктің ашылуы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 23.01 күні биология пәнінің мұғалімі Амзеев Р.Е. 8 “А” сыныбымен “Адам қаңқасының құрылысы мен қызметі” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында түрлі-түрлі әдіс -әсілдер, АКТ,