Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Желтоқсан 2024 года » Страница 3
“Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
11
желтоқсан
2024
“Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым” тақырыбында тәрбие сағаттары
9 желтоқсан күні лицейімізде “Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары барысында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздік тарихы, елдің жетістіктері мен құндылықтары туралы ой бөлісіп, патриоттық рухта сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, “Мен өмірді сүйемін” тақырыбында шағын эссе жазып, өмірдің мәні мен сұлулығы, өз армандары мен болашаққа деген үміттері жайлы әсерлі ойларын жеткізді. Бұл іс-шара оқушылардың бойында отансүйгіштік пен өмірге деген
“Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті
11
желтоқсан
2024
“Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі
09.12.2024ж күні лицейімізде оқушыларды “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында оқушылар патриоттық рух пен ұйымның басты құндылықтарын ұстана отырып, Отанға адал болуға және білім мен белсенділікке ұмтылуға ант берді. Бұл қабылдау жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды
“Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбы аясында жиналыс
10
желтоқсан
2024
“Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбы аясында жиналыс
“Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбы аясында түрлі жиналыстар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты – қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған қарсы күрестің тиімді жолдарын талқылау және адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қауіпсіз әрі сыйластыққа негізделген орта қалыптастыру. Өткізушілер: полиция капитаны - Аяғанов.К.К, полиция аға лейтенанты - Тұратай.А.Б
«Абайлаңыз, қар көшкіні!» тақырыбындағы онлайн конференция
10
желтоқсан
2024
«Абайлаңыз, қар көшкіні!» тақырыбындағы онлайн конференция
Абайлаңыз, қар көшкіні!» тақырыбындағы онлайн конференцияға лицей оқушылары Zoom платформасы арқылы қатысып отыр. Семинардың мақсаты – оқушыларға қыс мезгіліндегі табиғи қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру, қар көшкінінің пайда болу себептері мен оның алдын алу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Ашық сабақтар айлығы
09
желтоқсан
2024
Ашық сабақтар айлығы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Динабекова Алина Айбековнаның 5 “а” сыныбымен өткізген ашық сабақ бейнеролигі. 🔹Ашық сабақ жоғары деңгейде өтілді. Заманауи әдістер, сандық технологиялар, оқушылардың қызығушылығын арттыратын функционалдық тапсырмалар ұсынылды. Мұғалім оқу мақсатына толық жетіп, оқушылар тамаша кері байланыс орнатты.
Физика пәні ұстаздарымыз VIII қалалық шығармашылық байқауынан жүлделі орынға ие болды
09
желтоқсан
2024
Физика пәні ұстаздарымыз VIII қалалық шығармашылық байқауынан жүлделі
Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы физика пәні мұғалімдерінің  VІІІ облыстық (қалалық) шығармашылық байқауына қатысып, физика мұғалімдері Наукенов Д.Д.  1-орынды, Жәңгірбай Д.М. 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз!