Лицейімізде жоғарғы сынып оқушыларымен ҚР Қылмыстық кодексінің 294,
Бүгін лицейімізде жоғарғы сынып оқушыларымен ҚР Қылмыстық кодексінің 294, 434, 435-баптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында лицей инспекторы Тұратай Алишер оқушыларға қоғамдық тәртіпті бұзу, ұсақ бұзақылық және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы үшін жауапкершілік туралы ақпарат берді. Оқушыларға заң талаптарын сақтау мен құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы түсіндіріліп, өз іс-әрекеттеріне жауапты болу керектігі ескертілді.