Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей білім
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей білім алушылары арасында «Адал азамат – қоғам тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың бойына адалдық, жауапкершілік, әділдік, адамгершілік қасиеттерін сіңіру, сондай-ақ қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін саналы тұлға қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, адал азаматтың бойындағы маңызды қасиеттер туралы кеңінен талқылады. Сонымен қатар,