16
ақпан
2026
Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары


С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде
Бүгін лицей оқушылары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында деректі фильм көрді. Фильм барысында жасөспірімдердің құқыққа қарсы әрекеттерге бару себептері мен оның салдары жан-жақты көрсетілді.
Көрсетілім оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және заң талаптарын сақтаудың маңызын түсінуге ықпал етті.
Фильмнен кейін оқушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар өз ойларымен бөлісті. Кездесу барысында заңға бағынған, қауіпсіз әрі саналы өмір салтын ұстанудың қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.
Заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті. Саналы ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!