Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дос болайық – жүректен жүрекке жол!
16
ақпан
2026

Дос болайық – жүректен жүрекке жол!


Дос болайық – жүректен жүрекке жол!
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде «Дос болайық» тақырыбында мазмұнды тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар достықтың қадірі, шынайылық, сенім мен сыйластық туралы ой бөлісті. Әр бала үшін дос – қуанышта бірге күліп, қиындықта қолдау көрсететін жан екені ерекше атап өтілді.
Сабақта түрлі ойын элементтері мен пікір алмасу ұйымдастырылып, «Нағыз дос қандай болуы керек?» деген сұрақ төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбіді. Оқушылар достықтың тек сөзбен емес, іс-әрекетпен дәлелденетінін түсінді.
Достық – мектеп қабырғасынан басталатын өмірлік құндылық. Бірлік пен татулық бар жерде білім де, тәрбие де нәтижелі болмақ.
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейі оқушылар арасында өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді