28
сәуір
2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы




25.04.2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында аудандық деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей ұжымы белсенді түрде ат салысты.
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің оқушылары мен ұстаздары қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірлесіп еңбек етті. Аумақты тазалау жұмыстары жүргізіліп, табиғатты аялаудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.
Бұл игі шара жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоғамға үлгі боларлық бастама болды.
Таза Қазақстан – біздің ортақ міндетіміз!